Шойтөбе (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шойтөбе – ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1986 жылы Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тік бұрышты ескерткіштің ауданы 360×200 м, биіктігі 3 м, солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің орны сопақша төбе түрінде тұр. Оның диаметрі 200 м, биіктігі 12 м. Қалашықты қоршаған қорғаныс қабырғасы мен оның бойында болған мұнаралардың орындары 1,5 м биіктікте сақталған. Қабырғаның сыртында орналасқан рабаттың (қорған) аумағы 25 га жерді алып жатыр. Қазба кезінде табылған заттар бұл жерде адамдар б.з. алғашқы ғасырынан мекендей бастағанын көрсетеді.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шойтөбе (көне қала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}