Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
17:37, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев (5 желтоқсан, 1918, Тайпақ, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 20 маусым 2006, Алматы) - ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984).
- Орал педагогика институтын бітірген (1943).
- Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі.
- 1953 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығы мәселелеріне арналған.
Шығармашылығы
- Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1960;
- Ізденіс іздері, А., 1975;
- Саңлақтар сарабы, А., 1978 және т.б.
Марапаттары
- I дәрежелі Отан соғысы ордені
- Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}