Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев (5 желтоқсан, 1918, Тайпақ, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 20 маусым 2006, Алматы) - ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984).
- Орал педагогика институтын бітірген (1943).
- Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі.
- 1953 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығы мәселелеріне арналған.
Шығармашылығы
Сурет:Х. Сүйіншәли. Қазақ әдебиетінің тарихы.jpg
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат баспасы, 1998.
- Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1960;
- Ізденіс іздері, А., 1975;
- Саңлақтар сарабы, А., 1978;
- Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1998.
Марапаттары
- I дәрежелі Отан соғысы ордені
- Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 5 желтоқсанда туғандар
- 1918 жылы туғандар
- Ақжайық ауданында туғандар
- 20 маусымда қайтыс болғандар
- 2006 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақ әдебиетін зерттеушілер
- Қазақстан филологтары
- Қазақстан ғалымдары
- Филология ғылымдарының докторлары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары
- Қазақстан білім беру ісінің үздіктері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері