Сергей Александрович Харин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:19, 2016 ж. наурыздың 29 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Сергей Александрович Харин (11 шілде 1900, Алматы қаласы – 5 қаңтар, 1980, Мәскеу қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
Өмірбаяны
- Ленинград (1930, Санкт-Петербург) қаласындағы Қолданбалы зоология және фитопатология институтын бітірген.
- Жетісу облыстық мұражайында зертханашы (1920)
- Жетісу облыстық ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес станциясының, кейіннен округтік өсімдік қорғау станцияның меңгерушісі (1921–1925);
- Өзбекстандағы Орта Азия мақта станциясының аға энтомологы және Мақта институтына қарасты өсімдік қорғау станциясында зертхана меңгерушісі (1930–1946)
- Қазақ өсімдік қорғау станциясында ғылыми қызметкер (1946–1947)
- Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертттеу институтында зертхана меңгерушісі (1948–1955)
- Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында (1955–1971, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
- 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}