Семей музыкалық драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. наурыздың 22 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Біріктірілсін Семей музыкалық драма театры, Абай атынд. Семейдің облысы қазақ музыкалық драма театры - мәдени-сахналық мекеме.


"Ес-аймақ" қоғамы ұйымдастырған жартылай кәсіби драма труппасы негізінде 1920 ж. құрылды. Труппаның ұйымдастырушылары М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев және режиссер Ғ.Төребаев бастаған зиялылар өкілдері мен студент-жастар болды. 1934 жылы 10 мамырында осы труппа базасында Семей кззақ драма театры болып, ол өз шымылдығын ІЖансүгіровтің "Кек" драмасымен аішы. Театрдың құрылуымен қалыптасу жолында көрнекті өнер шеберлері Ж.Шанин, О.Беков, К.Жандарбеков, комп. ЛХамиди еңбек сіңірді. Сондайақ, театр құрамыңда әнші Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, И.Байзақрв, актерлер Н Атаханов, Ү.Әбдірахманова, Р.Есімжанова, С.Қыдыралин, Ш.Мусин, М.Ақылова, М.Бектенов, Н.Құлатов, Ә.Матыбаев, М.Титақов, Ж.Шаймерденова, Х.Байырманов, Ж.Сәкенова, К.Сәкиева, т.б. қызмет етгі. Кейін ұжымға ӘЖацбырбаев, Б.Имаханова, М.Бахтияров, М.Бұланов, Х.Ешмұратов, Т.Иісова, Б.Мұхаметжанова, Г.Аманжанова, С.Әлмағамбетова, Ш.Бахтинова, М.Құсаинов, Т.Рахимов, Х.Солганбеков, Б.Сыбанов, т.б. актерлер қосылды. Реж-лер Атаханов, Л.В.Леонов-Вендровский, М.Құлатаев, Б.Омаров, Е.Тәпенов , Е.Обаев, Ш.Кәрібаев, т.б. театр режиссурасының дамуына елеулі үлес қосты.

Театр ұжымы 2-дүниежұзыл. соғысқа дейін ұлттық және аударма классик. драматургия бойыншаспектакльдер қойды. Олардың қатарында Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман - Шолпан", "Ел ағасы", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлары" бар. Соғыс жылдарында Әуеовтің "Сын сағатта", Ә.Әбішевтің "Қырағылық", К.Симоновтың "Орыс адамдары", т.б. спектакльдері жарық көрді. 1945 ж. театрға Абай Құнанбайұлының есімі берілді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жьыдары Әбішевтің "Достық пен махаббат" және "Бір семья", И.О. Дунаевскийдің "Еркін жел", Л.А. Юхвидтің "Ғажайып өлке" сияқты шығармалары репертуарға қосылды. 60-жылдардың ортасынан бастап қазіргі заман тақырыбындағы пьесалар қойыла бастады. Мыс., Қ.Мұхамеджановтың "Үйленгің келе ме?" ("Бөлтірік бөрік астында"), Ә.Тәжібаевтың "Көңілдестер", К. Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай", С.Жүнісовтің "Ажар мен ажал", т.б. атауға болады. 1978 ж. драма театры - музыкалық. драма театры болып қайта құрылды. Осы бағытта Ш.Құсайыновтың "Алдар көсе", Әуезовтің "Айман - Шолпан", Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек", Қ. Аманжоловтың "Досымның үйленуі", Б.Мұқайдың "Қош бол, менің ертегім", Ш.Камалдың "Қожа әпеңді үйленеді", т.б. музыкалық. драмалар мен комедиялар қойылды. Театр жергілікті авторлар Ғ.Сапаев, М.Сәрсекеев, ҚМәшһүр-Жүсіп, М.Ыбыраев, К. Туғанбаевтардың шығармаларын да сахнаға шығарды. Театр ұжымы гастрольдік сапармен Алматы, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыс орталықтарында болып өнер көрсетті.

Театр 1984 ж. өзінің 50 жылдығын, 2004 жылы 70 жылдық мерейтойын атап өтті. 1984 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}