Мұстафа Төлепұлы Қазыбеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Мұстафа Төлепұлы Қазыбеков<ref>ҚазКСР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - Социалистік Еңбек Ері(1966), КСРО құрметті теміржолшысы(1942), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы(1960). 27 желтоқсан 1904 жылы қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында туған.
Еңбек жолдары
- 1918 жылы еңбек жолын дәнекерші көмекшісінен бастаған ол бүкіл өмірін Қазақстанның темір жол транспортын өркендетуге арнады.
- 1923-1926 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыды.
- 1930-1932 жылдары Новосибирскідегі темір жол транспорты институты жанындағы жол құрылысы басшы кадрларын дайындайтын 2 жылдық курста оқыды.
- 1932-1939 жылдары Шымкент, Жамбыл, Шу стацияларында құрылыс бөлімшелерін басқарды.
- 1939-1947 жылдары Түрксиб жол құрылысы тресін басқарды.
- 1947-1969 жылдары КСРО транспорт құрылысы министрлігі "Казахтрансстрой" тресінің бастығы болды. Оның басшылығымен Мойынты -Шу, Балқаш - Саяқ, Ақтоғай - Дружба, Жамбыл - Жаңатас темір жол желілері және жүздеген км қосалқы жолдар, ондаған станция, вокзал, аурухана, өндірістік және мәдени-тұрмыстық нысандар, тұрғын үйлер салынды. Ол Алматыда және республиканың басқа да қалаларында бірсыпыра ірі де бірегей құрылыстарды салуға үлкен үлес қосты.
- 5,7,8- сайлауларда ҚазКСР Жоғарғы Советінің депутаты және оның Президиумының мүшесі болды.
Жетістіктері
- 1942 жылы - КСРО құрметті теміржолшысы.
- 1971 жылы - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- 1960 жылы - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы.
Наградалары
- 2 рет Ленин ордені
- Октябрь революциясы ордені
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- Социалистік Еңбек Ері(1966)
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>