Вокзал ғимараты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вокзал ғимараты - сәулет өнері ескерткіші. Темір станциясында 190105 жылы Орынбор—Ташкент темір жолын салған кезде тұрғызылған. "Кірпіш" сәулет өнері стилімен іргетасқа кірпіш өріліп, темір шатырмен жабылған бір қабатты ғимарат. Төбесі төрт жағына еңістетіле жабылған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> Жоспары "Г" тәрізді бірнеше бөлмелерді қамтитын бұл кешенді екі негізгі бөлікке бөлуге болады. Бас қасбеті ассимметрия үйлесімде. Күту залы қасбеті бойынша ризалитпен арка-терезелер арқылы бөлінеді де, шатыр астындағы жиек қабырғаға жалғасады. Негізгі кірер есікке ағаш террасалар бекітілген. Қасбет әшекейіне кірпішті қалаудың түрлі тәсілдері қолданылған. Жиек қабырғасы мен ғимараттың бұрыштары негізгі қабырғалардан сәл шығарылған. Олардың кірпіштерінің кеуектеп қалануы ескерткішке ерекше әсемдік береді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вокзал ғимараты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}