Мұсатай Бекболатұлы Ақынжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:35, 2017 ж. наурыздың 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы1986) - тарих ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

  • 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген.
  • 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.<ref>«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.</ref>
  • 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған.
  • республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған.
  • облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы.
  • Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы,
  • Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ғылыми еңбектері

  • Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.

Шығармалары

  • Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
  • Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
  • Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
  • Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
  • Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
  • Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
  • Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}