Михаил Антонович Битный
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Битный Михаил Антонович<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1966), инженер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 1919 жылы Ресейде Смоленск облысы, Новоселки деревнясында туған.
Еңбек жолы
- 1944 жылы Ленинград әскери-механикалық институтын бітрді.
- Еңбек жолын 1941 жылы бастаған. Алғаш Пермьде заводта мастер, конструктор болып істеді. 1944 жылдан Кемерово облысында заводта цех бастығының орынбасары, механикалық-құрастыру және құрастыру цехтарының бастығы болды.
- 1956 жылдан Алматы ауыр машина жасау заводына жіберілді. Мұнда ол өндіріс бөлімінің бастығы (1956-1957), заводтың бас инженері (1957-1959) қызметін атқарды.
- 1959 -1987 жылдары завод директоры болды.
Жетістігі
- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).
- ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
- 1961-1986 жылдары - Қазақстан КП ОК-інің мүшесі.
- 8-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары
- Ленин ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1966)
- Еңбек Қызыл Ту ордені (1981)
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>