Михаил Антонович Битный

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Битный Михаил Антонович<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1966), инженер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 1919 жылы Ресейде Смоленск облысы, Новоселки деревнясында туған.

Еңбек жолы

  • 1944 жылы Ленинград әскери-механикалық институтын бітрді.
  • Еңбек жолын 1941 жылы бастаған. Алғаш Пермьде заводта мастер, конструктор болып істеді. 1944 жылдан Кемерово облысында заводта цех бастығының орынбасары, механикалық-құрастыру және құрастыру цехтарының бастығы болды.
  • 1956 жылдан Алматы ауыр машина жасау заводына жіберілді. Мұнда ол өндіріс бөлімінің бастығы (1956-1957), заводтың бас инженері (1957-1959) қызметін атқарды.
  • 1959 -1987 жылдары завод директоры болды.

Жетістігі

  • КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).
  • ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
  • 1961-1986 жылдары - Қазақстан КП ОК-інің мүшесі.
  • 8-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары

Дереккөздер

<references/>