Ленинакан таулы үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:01, 2015 ж. сәуірдің 4 кезіндегі Azim Nurbergen (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:No-nb bldsa 6d147.jpg
Ленинакан таулы үстіртінің түбінде орналасқан әскери лагерь

Ленинакан таулы үстірті - Армениядағы лавалық үстірт, Түркиямен шекаралас ауданда орналасқан.

Арагац және Ахурян өзендері мен Памбак жотасы аралығында. Орташа биіктігі 1500-1600 м. Миоцен-плиоцендік лавалардан, туфтардан, құм, саз және саздақтардан құралған. Климаты қоңыржай континенттік, шілденің орташа температурасы 17-18 °C, қаңтарда -8-9 °C. Жауын-шашын мөлшері 400-500 мм. Негізінен таудың қара және карбонатты топырағы тараған. Астық тұқымдастар аралас таулық-далалық өсімдіктер өседі. Беткейлеріне дәнді дақылдар, бау-бақша, қант қызылшасы егіледі. Туф (Артик) және пемза (Анипемза) кен орындары бар.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>