Туф

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Туф (Үлгі:Lang-it) – шығу тегі әр түрлі тау жыныстарының тобы. Туфтағы шөгінді материалдардың мөлшері 10%-дан аспайды. Туфтың жанартаулық-кремнийлі және әктасты Туф (травертин) деп аталатын түрлері бар. Сынықтар жанартаулық шыныдан, минералдардан, эффузиялық тау жыныстарынан құралған. Оларды көбінесе хлорит, эпидот, кальцит, цеолиттер керіштейді. Құрамы бойынша Туфтар базальттық, андезиттік, дациттік, риолиттік, трахиттік, фонолиттік, сілтілі базальттық болып келеді. Түсі әр түрлі; бітімі шомбал, ағынды, кеуекті, жолақты. Құрылымы псефиттік, псаммиттік, алевриттік, пелиттік. Туфтар құрылыс материалы ретінде цемент және шыны өндірісінде, бетонның толықтырғышы ретінде, т.б. қолданылады. Туфтар Қазақстанда кеңінен таралған.Туф — күлдік туфтың синонимі.қ.Жанартаулық туф,әкті туф. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Сілтеме

<references /> Үлгі:Commonscat

Үлгі:WikifyҮлгі:Geology-stub Үлгі:Stub

ko:용결응회암 ru:Туф