Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көбік (сөз)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

21:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Көбік. Сұйық зат қайнағанда, шайқағанда көпіріп бетіне шығатын жеңіл нәрсе. «...Әйелдердің... бірі қазанның көбігін алып жатыр» (С. Мұратбеков, Жабайы алма). Алғашқы кезде бұл сөздің етістік қызметін атқарғанын моңғол тобындағы тілдер дерегінен білеміз. Монғолдарда қазіргі кезге дейін «хөвөх» тұлғасындағы сөз «жүзу», «қалқу» мағыналарында қолданылады (Қаз.-мон. сөз., 1977, 92, 174). Қалмақ тілінде де «көвк» сөзі «қалқу; қалқып бетіне шығу» дегенді ұғындырады (Рус.-кал. сл., 1%4, 89). Жеңіл заттың қалқып, жүзіп жүретін қозғалысы өзіне атау болып меншіктелгендігін көріп отырмыз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}