Көбік (сөз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көбік. Сұйық зат қайнағанда, шайқағанда көпіріп бетіне шығатын жеңіл нәрсе. «...Әйелдердің... бірі қазанның көбігін алып жатыр» (С. Мұратбеков, Жабайы алма). Алғашқы кезде бұл сөздің етістік қызметін атқарғанын моңғол тобындағы тілдер дерегінен білеміз. Монғолдарда қазіргі кезге дейін «хөвөх» тұлғасындағы сөз «жүзу», «қалқу» мағыналарында қолданылады (Қаз.-мон. сөз., 1977, 92, 174). Қалмақ тілінде де «көвк» сөзі «қалқу; қалқып бетіне шығу» дегенді ұғындырады (Рус.-кал. сл., 1%4, 89). Жеңіл заттың қалқып, жүзіп жүретін қозғалысы өзіне атау болып меншіктелгендігін көріп отырмыз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}