Күләнда Әбубайқызы Ұзақбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

06:31, 2017 ж. наурыздың 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Күләнда Әбубайқызы Ұзақбаева -1926 жылы 23 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында туған. Жазушы, аудармашы.

1948 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазҰУ) тарих-филология факультетін қызыл дипломмен бітірген. 1948-1951 ж. Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, 1951 жылдан 1986 жылдарға дейін табан аудармай 35 жыл "Жазушы" баспасында редактор, аға редакторлық қызмет атқарған.

Мұхтар Әуезовтің он екі томдығын және жиырма томдығын, Сәбит Мұқановтың он алты томдығын, Ғабит Мүсіреповтің бес томдығын, Ғабиден Мұстафиннің төрт томдығын, Әбдіжәміл Нүрпейісовтің "Қан мен тер" романының тұңғыш басылымына редактор болған. Сонымен қатар, Т.Ахтановтың, М.Мағауиннің романдары мен повестерін де жарыққа шығарған.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>

Л.Воронкованың, Эристен Эриликтің, М.Слуцкистің, С.Алексеевтің, Дж.Родаридің, Ә.Якубовтың, Ф.Мұсажановтың, С.Захири Разияның, А.Гилязваның, С.Қапаевтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

1985 жылы Қазақстан жазушылар одағына мүшелікке өткен. Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Мақтау грамоталарымен, "Баспа үздігі" белгісімен марапатталған. Еңбек ардагері, майдан ардагері атақтары, медальдары бар.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}