Ишанғали Меңдіханов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ишанғали Меңдіханов (1872 жыл, бұрынғы Бөкей ордасы, Қалмақ бөлімі – 1919 жыл, Бөкей губерниясы) – драматург, ағартушы, қоғам қайраткері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Өмірбаяны
- 1885 жылы Ордадағы 2 кластық орыс-қазақ мектебін бітірген.
- 1886 – 1991 жылдары Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқыған.
- 1891 – 1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы 2 кластық училищеде мұғалім болған.
- 19 ғасырдың соңында Меңдіханов Ишанғали патша әкімшілігінің және жергілікті басқарушылардың отаршылдық саясатына қарсы қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қуғынға ұшыраған.
- 1898 жылы мұғалімдік қызметінен заңсыз кетірген
- 1899 – 1902 жылдары Ақтөбе уездік бітімші сотының тілмашы қызметін атқарды.
- 1903 жылы Меңдіханов Ишанғали туған еліне оралып, Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңесте кеңесші, Қамыс – Самар бөлімі правителінің көмекшісі болды.
- 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің жергілікті комиссарының көмекшісі қызметін атқарды.
- 1918 жылы Ордада Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін Бөкей әскери төңкеріс к-ті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, кейіннен губерниялық ішкі істер халық комиссары болып тағайындалды.
- 1919 жылы казак бүлікшілері қолынан қапыда қаза тапқан.
Шығармашылығы
Шығармашылық қызметі 1910 жылдан бастау алады. Дүмше молдаларды сынаған
- “Малдыбай” (1912) пьесасы баспасөзде жарияланып, әуесқой театр сахнасында қойылған.
- “Ғалым иесі”
- “Байғұстар”
- “Тамырлар” пьесалары Орынбор, Қазан, Ташкент қалалары сахналарында көрсетілген.
1920 жылы Семей қаласының драма труппасы Меңдіханов Ишанғалидың “Малдыбай”
- “Үйшік-үйшік” пьесаларын сахналаған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}