Ержігіт Бозғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:11, 2017 ж. наурыздың 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

‘’’Бозғұлов Ержігіт‘’’ (2.2.1931 жылы туған, Қазалы ауданы , Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшар) – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі (1976). Алматы ауылы шаруа институтын бітірген (1954). 1954–59 жылы Қазалы аудан машина-экскаватор станциясында бригадир, шебер, прораб, аға прораб, өндіріс бөлімінің бастығы, 1959–61 жылы Қызылорда обкомының ауылы шаруа бөлімінде нұсқаушы болып істеді. 1961–63 жылы Ирри құрылыс жөніндегі Құрылыс-мелиорация басқармасының бас инженері, 1963–66 жылы Қызылорда плотина құрылыс, 1966–69 жылы «Күрішкеңшар құрылыс бас басқармасына» қарайтын облыс жайылымдарды суландыру жөніндегі құрылыс-мелиорация басқармасының бастығы, 1969–72 жылы 2-құрылыс-монтаж тресінің бастығы болды. 1972 жылдан Қызылорда құрылыс-өндірістік мелиорация бірлестігінің бастығы, бастығының орынбасары, осы бірлестіктің бас инженері, бірлестік бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ол Қызылқұм, Қарақұм мал жайылымдарын суландыруға, Сыр жағалауындағы күріштік алқаптарын тегістеуге атсалысты. Октябрь Революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ержігіт Бозғұлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}