Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Болат Мұратұлы Сыздықов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Өмірбаяны) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:21, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Болат Мұратұлы Сыздықов (21 маусым 1956, Қарағанды - 7 мамыр, 2016, Алматы) - әнші, гитарашы.<ref>"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов дүниеден озды (фото, видео)</ref>
Өмірбаяны
- Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмысы факультетін бітірген (1986), мәдениет саласының қызметкері.
- 1973 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының солисі.
- 1974 жылдан - Қызыл тулы Орта Азия әскери округы дивизия штабында әскери оркестрдің солисі.
- 1976 жылдан - «Гүлдер» республикалық ансамблінің солисі.
- 1979 жылдан - «Арай» тобының солисі.
- 1983 жылдан - «А-Студио» тобының гитарашысы.
- 1989 жылдан - М. Дунаевскийдің жетекшілігімен «Имакс» шығармашылық орталығының солисі (Мәскеу).
- 1992 жылдан бері - «Мюзикола» дуэтінің гитарашысы, музыкалық продюсері.
Марапаттары
- Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты (Мәскеу қаласы, 1982)
- «Big Apple Music-96» халықаралық көпшілікке арналған музыка конкурсындағы бірінші сыйлықтың лауреаты ([[Нью-Йорк).
Отбасы
- Әкесі - Сырымбетов Мұрат Сапарғалиұлы, марқұм, металлург болған.
- Анасы - Сыздықова Қалдығыз, зейнеткер.
- Ажырасқан.
- Қызы - Сыздықова Диана (1979).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>