Болат Елтайұлы Шайманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:47, 2017 ж. наурыздың 18 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Болат Елтайұлы Шайманов (6 тамыз, 1953 жыл, Ақтөбе облысы Октябрь ауданы Димитровка кенті) - генерал-майор.

Өмірбаяны

Әкесі - Сатаев Елтай Шайманұлы, марқұм. Анасы - Сатаева Түкен, марқұм.

  • Қарағанды политехникалық институтының автомеханика факультетін бітірген (1976), автомобиль көлігінің инженер-механигі.
  • 1976 жылдан - «Ақтөбеауырқұрылыс» бірлестігінде ага механик, автоколонна бастыгы;
  • ҚазКСР (ҚР) МҚК-ҰҚК органдарында қызметте.
  • 1998 жылдан - Атырау облысы ҰҚКД бастығы.
  • 1999 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы.
  • 2000 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
  • 2001 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы.
  • 2006 жылдан бері - Маңғыстау облысы ҰҚКД бастығы.

Мақалалары

  • «Отан күзетінде» кітабында жарияланған «Мемлекеттің аймақтық қауіпсіздігі күзетінде» мақаласының авторы.

Марапаттары

  • Медальдармен марапатталған.
  • ҚР ҰҚК органдарының Құрметті қызметкері.
  • Генерал-майор.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Балтенова Роза Қамажанқызы (1953 жылы туған), экономист-құрылысшы.
  • Ұлы - Әнуар (1978 жылы туған), банкир;
  • қызы - Әлия (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}