Болат Елтайұлы Шайманов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Елтайұлы Шайманов (6 тамыз, 1953 жыл, Ақтөбе облысы Октябрь ауданы Димитровка кенті) - генерал-майор.
Өмірбаяны
Әкесі - Сатаев Елтай Шайманұлы, марқұм. Анасы - Сатаева Түкен, марқұм.
- Қарағанды политехникалық институтының автомеханика факультетін бітірген (1976), автомобиль көлігінің инженер-механигі.
- 1976 жылдан - «Ақтөбеауырқұрылыс» бірлестігінде ага механик, автоколонна бастыгы;
- ҚазКСР (ҚР) МҚК-ҰҚК органдарында қызметте.
- 1998 жылдан - Атырау облысы ҰҚКД бастығы.
- 1999 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы.
- 2000 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
- 2001 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы.
- 2006 жылдан бері - Маңғыстау облысы ҰҚКД бастығы.
Мақалалары
- «Отан күзетінде» кітабында жарияланған «Мемлекеттің аймақтық қауіпсіздігі күзетінде» мақаласының авторы.
Марапаттары
- Медальдармен марапатталған.
- ҚР ҰҚК органдарының Құрметті қызметкері.
- Генерал-майор.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Балтенова Роза Қамажанқызы (1953 жылы туған), экономист-құрылысшы.
- Ұлы - Әнуар (1978 жылы туған), банкир;
- қызы - Әлия (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}