Бибісара Омарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:07, 2017 ж. наурыздың 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Бибісара Омарова (Қайымова) (Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы) - журналист, баспагер.

  • 1962—1972 жылы Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернатында оқып білім алған.
  • 1972 жылы С.М.Киров атындағы қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы аяқтаған.
  • Еңбек жолын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында Ш.Уәлиханов атындағы мектепте алғашқылардың бірі болып, араб тілінен сабақ беріп бастаған.
  • 1980—1990 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясында корректор, кіші редактор, редактор болып қызмет атқарған. Он екі томдық қазақ Совет Энциклопедиясының кортыңдысы — 1 томдық Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясын, он екі томдық Қазақ Совет Энциклопедиясының терминдер көрсеткіші анықтамалығын, балаларға арналған "Ол кім? Бұл не?", "Неге?" энциклопедияларын шығаруға қатысқан.
  • "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Ұлағат" журналдарында , "Түркі әлемі" газетінде қызмет етті.
  • 2002 жылдан "Ол-Жас" баспасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық.Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}