Берта Исааковна Вейц

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:20, 2017 ж. наурыздың 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Берта Исааковна Вейц (1899, Ресей, Гродно қаласы - 1986) - геология-минералогия ғылымдарының доктары (1964).


Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың замандасы, әріптесі.

  • Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1926).
  • Текелі, Қаратау, Орталық Қазақстанда геологиялық барлау партияларын басқарып, темір, полиметалл, вольфрам, мыс, кобальт және тағы басқалары кентастық минералдарды зерттеу жұмыстарын атқарған.
  • 1940 жылдан бастап Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына ауысып, жарты ғасырға жуық үздіксіз еңбек еткен.
  • Сәтбаевтың ұйғаруымен Орталық Қазақстандағы Атасу аудандық темір кен орындарының минералогиясын зерттеген (1940-56), кейін Жоңғар (Жетісу) Алатауы полиметалл кен орындарының кен-тастық минералогиясын анықтауға үлесін қосқан (1956-64).
  • Сәтбаев Вейцтің минералогия саласындағы білгірлігін ескере келе, Жоңғар (Жетісу) Алатауының полиметалл кендері минералогиясына арналған монографиясы және тағы басқалары жұмыстары бойынша геология-минералогия ғылымдарының доктары атағын қорғамай беруге шешім қабылдаған.
  • Қаныш Имантайұлы Вейцтің еңбекқорлығын, минералогияның жаңа әдістерін біліп-тануға ынтызарлығын, қажырлылығын, сонымен қатар ұяңдық, көзге түсуді ұнатпайтын қасиеттерін өзі берген мінездемелерінде ерекше атап өтетін.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}