Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақдәулетов Тоғжан Шәмілұлы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: "1949 жылы 15 ақпанда Ресейдің Орынбор облысы Александров ауданы Камардиновка селосында т...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

09:46, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы

1949 жылы 15 ақпанда Ресейдің Орынбор облысы Александров ауданы Камардиновка селосында туған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005). Мектеп бітіргеннен кейін «Зенит» (Ворошилов) зауытына суретші-безендіруші болып жұмысқа орналасады. Еңбек ете жүріп 1975 жылы Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы халықтық өнер институтын бітіреді. 1976-1983 жж. бейнелеу студиясында сабақ берумен қатар барлық қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге шығармашылық жұмыстарымен қатысады. 1984-1996 жылдары Облыстық сауда басқармасында бас суретші, 1996-1999 жж. Суретшілер одағының БҚО филиалында безендіруші қызметтерін атқарды. Т.Ш.Ақдәулетов-1996 жылы «Фирма Тоғжан» ЖШС-ін ашып, көптеген безендіру жұмыстарына атсалысты. Ғимараттар қасбетін көркемдеп, түрлі витраждар мен мозаика, шекіме және кескіндемелік жұмыстар орындайды

Әдебиет:

1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б.