Ахметжан Ақсупиұлы Аширов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ахметжан Ақсупиұлы Аширов (20.8.1938 жыл, Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылы) — Жазушы, драматург.
Өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1961).
- Мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор болды.
- Республикалық “Коммунизм туғи” газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1970 — 1979)
- Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші (1982 — 1986), 1986 жылдан хатшы болып істейді.
Шығармалары
- “Осылай өмір сүргім келеді” аталатын алғашқы повесі 1965 жылы жарық көрді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
- “Мұны ұмытуға болмайды” (1969)
- “Солмайтын гүл” (1977) атты повестер мен әңгімелер жинақтары
- “Жалғыз жалбыз” романы (1987) жарияланған.
- “Өлмейтіндер” (1973)
- “Мақамшы” (1979)
- “Дихан” (1984)
- “Жылпос” (1987) пьесалары Ұйғыр муз. комедия театрында қойылды.
Шығармаларында адамгершілік, парасат, адал еңбек, адамға адамның мейірбандығы, достығы, кертартпа салт-санамен күрес сияқты әлеумемтік және қоғамдық мәселелер көтеріледі.
- Шаңғытбаевтың “Ой, жігіттер-ай” комедиясын, Г.Лорканың “Қанды құдалық” пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалады.
- Ашировтың бірқатар шығармалары Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references />
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}