Арман Бекетұлы Есенжолов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:00, 2015 ж. мамырдың 1 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Арман Бекетұлы Есенжолов 1964 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003).
- Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1986) бітірген, инженер-металлург.
- Металлургия саласындағы оннан астам авторлық патентке, оның ішінде РФ патенттеріне ие. 1986 жылдан - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы, 1987 жылдан - өндірістік шебері, 1989 жылдан - ауысым бастығы, 1991 жылдан - аға шебері, 1993 жылдан - цех бастығы, 1997 жылдан - бас инженердің орынбасары - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан - зауыттың бас инженері. 2006 жылдан – Серов ферроқорытпа зауытының (РФ) бас директоры. 2008 жылдан бері - «Қазхром» ТҮК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}