Әлкен Оспанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлкен Оспанов (1901, Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданы Қосақжар ауылы – 1959, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (1957), КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1958). 1931 – 40 ж. Өзбекстанның Бұхара облысы Кермук аудандағы Жыңғылды кеңшарында директор болып істеді. 1942 – 44 ж. Кеңес Армиясы қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. Туған ауылына оралған соң 1944 – 51 ж. «Қазақстанның 20 жылдығы» атындағы ұжымшар төрағасы, 1951 – 59 ж. Амангелді ұжымшарының төрағасы болды. «1941 – 45 ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941 – 45 ж. Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық еңбегі үшін» медальдарымен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жетістіктері көрмесінің медалімен марапатталған.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала