Қоян-Бүркіт биі
“Қоян-Бүркіт” – қазақ биі. Музыкасы Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйіне негізделген. Музыка өлшемі 2/4. 1928 – 32 ж. халық бишілері З.Құлсейітов (қоян) пен О.Берсағымов (бүркіт) орындаған. Осы фольклорлық бидің негізінде 1934 ж. балетмейстер Н.Арцыбашева “Айман – Шолпан” спектаклінде өнер көрсетті. 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде театр сахнасында орындалды. 1972 ж. балетмейстер Д.Әбіров бұл бидің 2 түрін сахнаға шығарды. 1973 ж. “Қаламқас” ансамблі (бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы) Чехословакияда өткен халық билері фестивалінде “Қоян-Бүркітті” орындап, жүлде алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify