Қосдәулет
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Қосдәулет құм төбешіктері.jpg
Қосдәулет құм төбешіктері
Қосдәулет – Каспий маңы ойпатындағы құмды алқап.<ref>"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref><ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>
Географиялық орны және сипаты
- Нарын құмының орта тұсында, Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандары аумағында.
- Теңіз деңгейінен 12 - 15 метр төмен жатыр.
- Құм төбелердің салыстырмалы биіктігі 2 – 5 метр.
- Торғай қыстауынан Комсомолец қыстауына дейін шамамен 75 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км шамасында.
- Аумағы 2,3 мың км².
- Грунт сулары 2-3 м тереңдікте кездеседі.
- Өсімдіктер - шағыр, жусан, жүзгін және эфемерлер.
- Жануарлар - ақбөкен, қоян, түлкі,қасқыр, қосаяқ т.б.кездеседі.
- Аумағында құдықтар (Жәрдем, Қаражыңғыл, Үшқұдық, т.б.), қыстаулар (Торғай, Сабағали, Есқали, Ержан, Қалбағай), жайлаулар (Қубақан, Танаш, Рысқали, т.б,) бар.
- Батысы мен оңтүстігінде құм төбелер арасында шағыр сор және көлшіктер кездеседі.
Дереккөздер
<references/>