Қойқара (төбе)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚойқараИманғара тауының солтүстік-батысындағы төбе.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылының солтүстігінде 37 км жерде орналасқан. Абсоллюттік биіктігі 103 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылған, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде Қылышқұдық, оңтүстігінде Қойқарақұдық, батысында Көлдейқұдық құдықтары бар. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. эфемерлі өсімдіктер өседі.<ref>ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер