Ақкиізтоғай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан АқкиізтоғайАтырау облысының Жылыой ауданындағы ауыл, аттас ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде боз, бетеге өскен шөлейтті белдемде, Жем өзенінің жағалауында орналасқан<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Инфрақұрылымы

Жақын теміржол стансасы — Құлсары (42 км жерде). Бұрынғы кеңшар негізінде ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін “Жаңа таң” АҚ жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, емхана т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Халқы

2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 2232 адам тұрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Жылыой ауданы елді мекендері