Қарауылтас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарауылтас – ортағасырлық мұнара, Ұлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ұлытау ауданы, Жезді кентінен солтүстікке қарай 17 км жерде, Есқұлы тауының басында. Оның биіктігі 1,5 м-дей ғана.

Сипаты

Алғаш Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Қарауылтас тың жобасы төрт қырлы қалпаққа ұқсас: табаны жалпақ келгенмен, қабырғалары биіктеген сайын сүйірлене түседі. Ол төрт бұрышты тақтатаспен тұрғызылған. Қарауылтас қазіргі уақытта қирап қалған. Зерттеушілердің пікірінше Қ. Басқамыр қалашығының қарауыл мұнарасы болған. Ол арқылы қарауылдар төңіректі шолып, айналаны бақылап отырғанға ұқсайды. Қарауылтас орта ғасырларда Орталық Қазақстанды мекен еткен оғыз-қыпшақ заманындағы бірегей ескерткіш туындыларының қатарына жатады. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер