Қарауылтас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарауылтас – ортағасырлық мұнара. Қарағанды облысы Жезді қаласынан солтүстікке қарай 17 км жерде Есқұлы тауының басында. Оның биіктігі 1,5 м-дей ғана. Алғаш Орталық Қазақстан археолог экспедиция (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Қарауылтас тың жобасы төрт қырлы қалпаққа ұқсас; табаны жалпақ келгенмен, қабырғалары биіктеген сайын сүйірлене түседі. Ол төрт бұрышты тақтатаспен тұрғызылған. Қарауылтас қазіргі уақытта қирап қалған. Зерттеушілердің пікірінше Қ. Басқамыр қалашығының қарауыл мұнарасы болған. Ол арқылы қарауылдар төңіректі шолып, айналаны бақылап отырғанға ұқсайды. Қарауылтас орта ғасырларда Орталық Қазақстанды мекен еткен оғыз-қыпшақ заманындағы бірегей ескерткіш туындыларының қатарына жатады.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарауылтас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}