Қазақстан — Лихтенштейн қатынастары
Қазақстан — Лихтенштейн қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы дипломатиялық байланыстар
Дипломатия
| 30 тамыз 2007 жыл | - | Дипломатиялық қатынастар орнатылды |
| Қазақстанның Лихтенштейндегі Елшісі | - | Әлібек Әсетұлы Бақаев (04.09.2019 ж. бастап) |
| Қазақстандағы Швейцария Елшісі | - | Давид Грихтинг (2021 жылдың қазан айынан бастап) |
Саяси ынтымақтастық
| 1-2 желтоқсан 2010 жыл | - | Премьер-Министр К. Чючер бастаған Лихтенштейн делегациясының сапары, Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті |
| 30 қаңтар 2015 жыл | - | Мәжіліс Төрағасының Орынбасары - ҚР кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ілгерілету жөніндегі арнайы өкілі Д. Назарбаеваның Вадуцқа сапары, Князь Ханс-адам II және Ландтаг төрағасы Альберт Фрикпен келіссөздер |
| 28 маусым 2016 жыл | - | Лихтенштейн БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады |
| желтоқсан 2018 жыл | - | БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссариатының 73-ші сессиясында және БҰҰ пленарлық сессиясында Лихтенштейн қазақстандық Ядролық қарудан азат әлем туралы жалпыға ортақ декларация жөніндегі қарарды қолдады |
| қазан 2020 жыл | - | ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы бұйрығымен бекітілген салық салуда жеңілдігі бар юрисдикция тізбесінен Лихтенштейн шығарылды 2018 жылы 2021 жылы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім жобасын келісу бойынша жұмыс басталды. |
| шілде 2021 жыл | - | ЕҚЫҰ ПА-дағы Ландтаг делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне А.Шәкіровтің кандидатурасын қолдады. |
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
ҚР СЖРА ҰСБ және ҚМ МКК деректеріне сәйкес Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты тауар айналымы 2018 жылы 1,012 мың АҚШ долларын құрады (экспорт – 37,4 мың, импорт – 974,6 мың). 2019 жылы – 891,3 мың (119,7 мыңға аз), ҚР экспорты – 30,9 мың, ал Лихтенштейннен импорт – 860,4 мың 2020 жылы тауар айналымы 1,304 млн., экспорт – 14,5 мың, импорт-1,290 млн.
| Екі жақты сауданың негізгі көрсеткіштері, мың АҚШ доллары<ref>ҚР СЖРА ҰСБ және ҚМ МКК</ref> | ||||
| Кезең | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
| Тауар айналымы | 1011,9 | 891,3 | 1304,8 | 1236,7 |
| Лихтенштейнге экспорттау | 37,4 | 30,9 | 14,5 | 35,6 |
| Лихтенштейннен импорт | 974,6 | 860,4 | 1290,3 | 1201,1 |
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасы бойынша 2005-2020 жылдары Лихтенштейннен Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 175,9 млн.АҚШ долл. құрады
| ТШИ жалпы ағыны, АҚШ доллары млн.<ref>ҚР Ұлттық Банкі</ref> | |||||||
| Кезең | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
| Жалпы кіріс | -5 | 19,8 | -21,9 | -33 | -8,6 | 15,7 | 18,9 |
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2021 жылғы тамыздағы статистикалық деректері бойынша ҚР – да Лихтенштейн капиталының қатысуымен 29 заңды тұлға, филиал / өкілдік тіркелген (жұмыс істеп тұрғандары – 7) және 3 – БК (жұмыс істеп тұрғандары-2).<ref>Үлгі:Cite web</ref>