Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев
Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев - 1970 жылы 10 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жамбыл атындағы ұжымшарында туған. Қазақ. Әкесі - Тұрсынбаев Сұлтан Бекамалұлы, ОҚО әкімінің кеңесшісі. Анасы - Битемірова Гүлжарқын Майлышқызы, марқұм. Қазақ химия-технологиялық институтын (1993) инженер-технолог-құрылысшы мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін (1998) мемлекеттік басқару менеджері мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» (4 басылым, 2001-2005) әдістемелік көмекші құралының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
- 1986 жылдан - Шымкент қаласы XXI партия съезі атындағы кеңшардың жылыжай комбинатында жұмысшы.
- 1987 жылдан - Шымкент стансасындағы механикаландырылған жол шеберханасының слесарі.
- 1987-1993 жылдары - Қазақ химия-технологиялық институтының студенті.
- 1988-1989 жылдары - Кеңес Әскері қатарында қызметте.
- 1993 жылдың шілдесінен - «Сымбат» ШК жұмысшысы (Шымкент қаласы).
- 1993 жылдың қарашасынан - Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық әкімшілігінің Жастар істері, туризм және спорт басқармасының маманы, бас маманы.
- 1994 жылдан - «Гипсолит» құрылыс кооперативінің шебері (Шымкент қаласы).
- 1995 жылдан - Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық әкімшілігі Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар істері, туризм және спорт басқармасының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.
- 1997 жылдан - ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебінің тыңдаушысы.
- 1998 жылдың маусымынан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы.
- 1998 жылдың қыркүйегінен - ОҚО Стратегиялық жоспарлау және реформалар департаменті кәсіпкерлік және нарықтық инфрақұрылымдар бөлімінің бастығы.
- 1999 жылдың маусымынан - ОҚО Мемлекеттік қызмет департаменті информатика және бағдарламалық қамсыздандыру бөлімінің бастығы.
- 1999 жылдың желтоқсанынан - Шымкент қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет және бақылау секторының меңгерушісі.
- 2000 жылдың наурызынан - ОҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасы бастығының орынбасары.
- 2005 жылдың сәуірінен - Қызылорда облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Басқармасының бастығы.
- 2005 жылдың шілдесінен - Қызылорда облысындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі аймақтық басқармасының бастығы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
- 2007 жылдың мамырынан - ШҚО-дағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі аймақтық басқармасының бастығы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі
Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
- 2009 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған (2008).
Әскери атағы - запастағы сержант.
Діни көзқарасы - ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М. Махаммад.
Хоббиі - аңшылық, кітап оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Орынбаева Мейрамкүл Жүсіпқызы (1972 жылы туған), Өскемен қаласындағы №9 балабақшаның директоры. Қызы - Сұлтан Қарлығаш Ғалымқызы (1993 жылы туған), Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ студенті; ұлдары – Сұлтанов Берік Ғалымұлы (1998 жылы туған), оқушы, Сұлтанов Ерік Ғалымұлы (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>