Усарғалдақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Усарғалдақ(чистотел большой)
Усарғалдақ- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты
- Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
- Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады,көптеген қосымша тамырлары бар.
- Жапырақтар кезектесе орналасады,тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы .
Жоғарғы бөлігі ірілеу үш салалы.
- Гүлдері сары түсті, гүл сабақтары жіңішке, қолшатыр сықылданып шоғырланып өседі .
- Жемісі-ішінде қара қоңыр тұқымдары бар,ұзындығы 6 сантиметрге жететін қауашақ. Өсімдіктің қай жерін сындырып көрсеңіз де сөлі бөлінеді.
Мамыр-тамыз айларында гүлдейді, жемісі шілде-қазан айларында піседі. Усарғалдақ көлеңкелі жерлерде,өзендер мен көлдердің жағаларында,батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында,сиреген ормандарда, жыраларда, жарлардың басында,бақшаларда өседі.
Емдік қасиеті
Дәрі жасауға оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады
- Усарғалдақтан жасалған дәрілердің сүйелді кетіретін,ауырғанды басатын,микробтарды жоятын, өт және несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар.
- Халық медицинасында бұл өсімдікті тері туберкулезін,подаграны, ревматизмді, сүйелді,есекжемді, тері рагын емдеуге пайдаланады.
- Ол бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданады.
Усарғалдақтан жасалған дәріні байқамай шамадан тыс ішіп қойған адам уланады. Мұндай жағдайда адам қатты шөлдейді,басы ауырады, асқазаны топталып, ауыр тартады, басы айналады, сөйтіп бірте-бірте есінен танады,сандырақтайды. Сондықтан бұл өсімдікпен емдеу тек қана дәрігердің бақылауымен жүргілізетінін есте ұстаған жөн.