Усарғалдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Усарғалдақ(чистотел большой)

Усарғалдақ- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
  • Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады,көптеген қосымша тамырлары бар.
  • Жапырақтар кезектесе орналасады,тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы .

Жоғарғы бөлігі ірілеу үш салалы.

  • Гүлдері сары түсті, гүл сабақтары жіңішке, қолшатыр сықылданып шоғырланып өседі .
  • Жемісі-ішінде қара қоңыр тұқымдары бар,ұзындығы 6 сантиметрге жететін қауашақ. Өсімдіктің қай жерін сындырып көрсеңіз де сөлі бөлінеді.

Мамыр-тамыз айларында гүлдейді, жемісі шілде-қазан айларында піседі. Усарғалдақ көлеңкелі жерлерде,өзендер мен көлдердің жағаларында,батпақтардың жиегінде, бұталардың арасында,сиреген ормандарда, жыраларда, жарлардың басында,бақшаларда өседі.

Емдік қасиеті

Дәрі жасауға оның жер үстіндегі бөлігін пайдаланады

  • Усарғалдақтан жасалған дәрілердің сүйелді кетіретін,ауырғанды басатын,микробтарды жоятын, өт және несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеттері бар.
  • Халық медицинасында бұл өсімдікті тері туберкулезін,подаграны, ревматизмді, сүйелді,есекжемді, тері рагын емдеуге пайдаланады.
  • Ол бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданады.

Усарғалдақтан жасалған дәріні байқамай шамадан тыс ішіп қойған адам уланады. Мұндай жағдайда адам қатты шөлдейді,басы ауырады, асқазаны топталып, ауыр тартады, басы айналады, сөйтіп бірте-бірте есінен танады,сандырақтайды. Сондықтан бұл өсімдікпен емдеу тек қана дәрігердің бақылауымен жүргілізетінін есте ұстаған жөн.