Сұлтан Шайымұлы Мырзабеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сұлтан Шайымұлы Мырзабеков (17.1.1941, Алматы Түркістан облысы Түркістан қаласы – 13.6.2004, Алматы қалысы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987), Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын (АлматыҚазҰАУ) бітірген (1964).<ref name="test">Сыр елі энциклопедиясы</ref> Осы институтта (1967 – 92), ҚР ауыл шаруашылық министрлігінде, Білім министрлігінде (1992 – 96), 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған. Негізгі ғылыми бағыты – генетика және мал өсіру, биотехнология. Мырзабеков қазақтың етті-жүнді қойының және қазақтың оңтүстік мериносының мерке тұқымішілік түрін шығаруға қатысты. ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (1995), РФ биология ғылымдарының докторы (1995), Сібір мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының құрметті профессоры (2003). 160-тан астам ғылыми еңбек жазған.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub