Сарышыңырау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарышыңырау – суы тұщы құдық.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Төлеп темір жолы бекетінің солтүстік жағында 5 км жерде орналасқан.

Тарихы

Жоңғармен соғыста ерлігімен көзге түскен Әбілхайыр хан батырларының бірі Сары Балтаұлы (т.-ө. ж. б.) қазақ ауылдарын осы Сарышыңырауға бастап келіп қоныстандырған. Сары Балтаұлының досы Саржала батыр Е.Пугачев көтерілісіне қатысқаны үшін қудаланып, Маңғыстауға келгенде, Айрақтыдан қоныс берген. Моласы Сарышыңырау шыңырауының оңт. жағында. Басындағы күмбез тамы құлап қалған. Ұрпақтары бертінде қойған құлпытасы тұр.

Инфрақұрылымы

Шыңырау үстінен Айрақтыға жол өтеді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub