Төлеп (Бейнеу ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына

Төлеп (1994 ж. дейін - Каменный) — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, ауылдық округ орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1965 жылы Бейнеу – Ақтау темір жолын салуға байланысты қаланды.

Ауыл 1994 жылға дейін Каменное деп аталып келген.

Халқы

Тұрғыны:

Төлеп ауылы бойынша халық саны 973 адам, 170 отбасы болып отыр<ref>Төлеп ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.

Инфрақұрылымы

Қазір Төлеп ауылында клуб, пошта, т. ж. дистанциясының бөлімшесі, ұлутас өндіретін 2 кеніш, шағын бизнес нысандары, телехабар тарататын қондырғы, телефон ст. бар.

Транспорты

Ауыл арқылы АтырауМаңғыстау темір жолы, Атырау – Бейнеу – Ақтау автомобиль жолы өтеді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері