Олег Сергеевич Турков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Олег Сергеевич Турков (19 қаңтар 1937, Беларусь) — қазақстандық геолог, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының «Құрметті жер қойнауын барлаушысы», «Қазақстан кен орындарының алғашқы ашушысы», «КСРО-ның жер қойнауын барлаудың үздігі» атағының иегері. Қазақстан мұнай-газ геологиясының дамуына елеулі үлес қосқан, Теңіз, Қайраң, Рожков және Қашаған сияқты ірі кен орындарын ашу мен зерттеуге қатысқан жетекші ғалым.

Өмірбаяны

Турков Олег Сергеевич 1937 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары ата-анасынан айырылып, атасының қолында тәрбиеленді.

1955 жылы Қазақстанға қоныс аударып, кейін бұл аймақты өзінің екінші Отаны деп атады.

1960 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін үздік бітірді. Сол жылы-ақ Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтында инженер-геолог болып жұмысын бастады. Осы кезеңде Батыс Қазақстанның геологиялық құрылымын, мұнай-газдылығын зерттеп, Прикаспий ойпатындағы кейін Теңіз және Қайраң кен орындарының ашылуына негіз болған Приморск көтерілімін алғаш бөліп көрсетті.

1969 жылы Оңтүстік Ембі ауданының мұнай-газдылық перспективаларына арналған кандидаттық диссертация қорғады.

1973–1989 жылдары Қазақстан Геология министрлігіне қарасты «Гурьевнефтегазгеология» өндірістік геологиялық бірлестігінде еңбек етті. 1973–1986 жылдары Орталық тақырыптық партияны, 1986–1989 жылдары Опытно-методикалық экспедицияны басқарды. Бұл кезеңде Прикаспий ойпаты, Бозащы мен Үстірт аймақтарында геологиялық-барлау жұмыстарының кеңеюіне жетекшілік жасады<ref>https://docs.yandex.kz/docs/view?tm=1764584412&tld=kz&lang=ru&name=turkovu_80_let.pdf&text=%D0%A2%D0%A3%D0%A0%D0%9A%D0%9E%D0%92%20%D0%9E%D0%9B%D0%95%D0%93%20%D0%A1%D0%95%D0%A0%D0%93%D0%95%D0%95%D0%92%D0%98%D0%A7&url=http%3A%2F%2Fkz.neft-gas.kz%2Ff%2Fturkovu_80_let.pdf&lr=162&mime=pdf&l10n=ru&sign=d9d920ee2bc991cb96dafd2a8ea7aca5&keyno=0&nosw=1&serpParams=tm%3D1764584412%26tld%3Dkz%26lang%3Dru%26name%3Dturkovu_80_let.pdf%26text%3D%25D0%25A2%25D0%25A3%25D0%25A0%25D0%259A%25D0%259E%25D0%2592%2B%25D0%259E%25D0%259B%25D0%2595%25D0%2593%2B%25D0%25A1%25D0%2595%25D0%25A0%25D0%2593%25D0%2595%25D0%2595%25D0%2592%25D0%2598%25D0%25A7%26url%3Dhttp%253A%2F%2Fkz.neft-gas.kz%2Ff%2Fturkovu_80_let.pdf%26lr%3D162%26mime%3Dpdf%26l10n%3Dru%26sign%3Dd9d920ee2bc991cb96dafd2a8ea7aca5%26keyno%3D0%26nosw%3D1</ref>.

1989–1995 жылдары КазНИГРИ институтында (Атырау) ғылым жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. Каспий теңізінің акваториясын зерттеу секторын ұйымдастырды.

1992 жылы швейцариялық Petroconsultans компаниясымен бірге Қазақстандағы алғашқы халықаралық геологиялық шолуды дайындауға жетекшілік етті.

1995–2000 жылдары «Қазақстанкаспийшельф» компаниясында бас геолог, президент кеңесшісі, ғылыми бөлім басшысы және техникалық комитет мүшесі ретінде қызмет етті<ref>https://neftegaz.kz/spravochnik/neftyanniki-kazaxstana/t/turkov-oleg.html?ysclid=min05zwrga23320864</ref>.

1998 жылы Robertson (Англия) компаниясымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторына арналған халықаралық стандарттағы геологиялық есепті әзірлеуге қатысты.

2000 жылдан кейін ұлттық және шетелдік мұнай компанияларында жұмыс істеді: «Қазақойл» ұлттық компаниясында ғылыми жобаларды басқарды, кейін «Nelson Resources Ltd.» және «Meridian Petroleum» компанияларында бас геолог болды. Алибекмола, Қожасай, Солтүстік Бозащы, Арман, Қарақұдық кен орындарының геологиялық модельдерін нақтылап, игерілуіне үлес қосты.

2006 жылы оның бастамасымен Рожков құрылымында іздестіру жұмыстары қайта жандандырылып, ірі газоконденсат кен орны ашылды.

2009 жылдан бастап «СМАРТ Инжиниринг» компаниясының бас геологы ретінде геологиялық барлау жобаларына арналған техникалық құжаттаманы дайындаумен айналысады.

Ғылыми және кәсіби еңбектері

200-ден астам ғылыми мақаланың, сондай-ақ 5 монографияның авторы және бірлескен авторы.

Қатысқан ірі жобалары: Теңіз кен орны, Қайраң кен орны, Кашаган кен орны, Рожков газоконденсат кен орны, Қазақстан Каспий қайраңы блоктарының алғашқы картасы, Солтүстік Үстірт–Бозащы бассейндерінің халықаралық зерттеулері.

Турков О. С. Оңтүстік Ембі ауданындағы геологиялық құрылымның ерекшеліктері және мұнай-газдылық перспективалары. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 1969<ref>https://rusneb.ru/catalog/000199_000009_010102825/?ysclid=min09i29cq2792763</ref>.

2018 жылғы 30 наурызда «Қашаған» мұнай кен орнын ашқаны үшін «Қазақстан Республикасының кен орындарының алғашқы ашушысы» төсбелгісімен келесі мамандар марапатталды:

KAZENERGY ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, «Meridian Petroleum» компаниясының президенті Балтабек Қуандықов, «Батыс Геофизсервис» компаниясы бас директорының орынбасары Аширали Бижанов, «North Caspian Operating Company B.V.» компаниясының бірінші басқарушы директорының орынбасары, Қазақстан-Британ техникалық университетінің президенті Кенжебек Ибрашев, ENI Isatay компаниясының менеджері Клара Раева, «Смарт Инжиниринг» компаниясының бас геофизигі Олег Турков және «Meridian Petroleum» компаниясының бас геофизигі Марис Назаров<ref>https://rus.baq.kz/luchshih_geologov_kazahstana_nagradili_v_astane_29532/?ysclid=min0aqr0wa866355184</ref>.

Марапаттары

Ол Қазақстанның минералдық-шикізат базасын дамытуға қосқан еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық марапаттарымен наградталған.

«Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы» (2006).

«Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы» (2012)<ref>https://kong.kz/events/luchshie-geologi</ref>.

«Қазақстан кен орындарының алғашқы ашушысы» (2018).

Әдебиеттер

С. Сұлтанғалиев. Еңбекпен биіктеген геолог: О.С. Турков туралы деректі повесть. Қазақстан мұнай-газ геологтары қоғамы, Алматы, 2016.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер