Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов (25 қараша 1960, Талдықорған облысы) — қазақстандық саясаткер, дипломат, Қазақстанның Германиядағы елшісі (2008–2014, 2022–). Филология ғылымдарының кандидаты және I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.

Бұрын Президент кеңсесінің бастығы (2019–2022), Президент көмекшісі (2007–2008, 2014–2019), Сыртқы істер министрінің орынбасары (2003–2007) сияқты лауазымдар атқарған.

Еңбек жолы

  • 1983—1986 — Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы;
  • 1986—1992 — Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-тәжірибеші;
  • 1992—1994 — жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі;
  • 1994—1996 — Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің аға референті;
  • 1996—1997 — Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші;
  • 1997—2001 — Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші;
  • 2001—2002 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры;
  • 2002—2003 — Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул;
  • 2003—2004 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші;
  • 2004—2007 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • 2007—2008 — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
  • 2008—2014 — Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы;
  • 2014—2019 — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
  • 2019—2022 — Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы;
  • 2022 жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Марапаттары мен атақтары

Білімі

1983 жылы Гумбольдт атындағы Берлин университетіннеміс тілі пәнінің мұғалімі” мамандығы бойынша тәмамдады.

Жеке өмірі

Үйленген, жұбайы Рита Сейітқалиқызы Онжанова.

Балалары:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер