Мәметқұл
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәметқұл, кейде Мұхаммедқұл (орыс. Магметкул, Маметкул, туған жылы белгісіз - 1618) — түмен және сібір ханы Көшімнің немере інісі әрі әскерінің қолбасшысы.
Өмірбаяны
Мәметқұлдың туған уақыты мен орны белгісіз. Ресей тарихшысы В.В. Трепавловтың пікіріне сәйкес Көшім ханның тұсында беклербек қызметін атқарған. 1573 жылы Строгановтардың Кама бойында бекініс салып жатқанын естіген Көшім қамалды қирату үшін Мәметқұлды жібереді. Бұл кезде шведтермен соғысып жатқан Ресей Сібірді өзіне бірден бағындыра алмаған. Сібір үшін бірінші шайқас 1581 жылдың шілдесінде Ермак пен Мәметқұл әскерлері арасында болды. Бұл ұрыста Ермак көп шығынға ұшырады (1060 адамы ғана қалды). Мәметқұл сол жылы қазанда болған екінші шайқаста жараланып, соғыс алаңын тастап кетуге мәжбүр болды. Ермак ақыры Искарды (Көшім хандығының астанасы) алды. Мәметқұл тұтқынға алынып, Мәскеуге жіберілді. Мұнда ол Қасым хандығының билеушісі, қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедтің көмегімен полк воеводасы болып тағайындалды. 1590-1595 жылдары орыс-швед және Қырым хандығымен 1598 жылғы соғыстарға қатысқан. 1618 жылы қайтыс болып, Касимов қаласындағы Старопосад зиратында жерленген.
Әдебиет
- Маслюженко Д. Н., Рябинина Е. А. Реставрация Шибанидов в Сибири и правление Кучум хана во второй половине XVI века // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 97—111. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
- Матвеев А. В., Татауров С. Ф. Сибирское ханство Кучума царя. Некоторые вопросы государственного устройства // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 112—117. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
- Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
- Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.