Мәметқұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәметқұл<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>, Мұхаммедқұл, Мұхамед-құли, Маметқұл Атаулович (т.-ө.ж.б.) — Сібірдің соңғы ханы Көшімнің немере інісі әрі әскерінің қолбасшысы. 1573 жылы Строгановтардың Кама бойында бекініс салып жатқанын естіген Көшім қамалды қирату үшін Мәметқұлды жібереді. Бұл кезде шведтермен соғысып жатқан Ресей Сібірді өзіне бірден бағындыра алмаған. Сібір үшін бірінші шайқас 1581 жылдың шілдесінде Ермак пен Мәметқұл әскерлері арасында болды. Бұл ұрыста Ермак көп шығынға ұшырады (1060 адамы ғана қалды). Мәметқұл сол жылы қазанда болған екінші шайқаста жараланып, соғыс алаңын тастап кетуге мәжбүр болды. Ермак ақыры Искарды (Көшім хандығының астанасы) алды. Мәметқұл тұтқынға алынып, Мәскеуге жіберілді. Мұнда ол Қасым хандығының билеушісі, қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедтің көмегімен полк воеводасы болып тағайындалды. Шведтерге қарсы және Қырым ханымен болған соғыстарға қатысты. Ресей патшасы Борис Годуновтың сенімді адамдарының бірі болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәметқұл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}