Мұрынбай Қанқожаұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұрынбай Қанқожаұлы (1834-1912) - жырау, ақын, күйші. Ел ішінде өлең-жырлары көп тараған. Соның бірі - Әбдірахман қайтыс болғанда Абай мен Ділдәға келіп көңіл айтқан жұбатуы. Ол қаралы ата-анаға жапандағы бап қурайдың басынан бір боз-торғайдың ұшып кеткенін, бұл азды аяп, көптен қорықпайтын тағдырдың ісі екенін, дүниеден жақсы, жаманның бәрі өтетінін, уақыт жеткенде ажалдың алмай қоймайтынын айтып:
«Ділдәшім, көтер басыңды
Қайғырып босқа жыламай,
Қамыққан көңлім сергісін,
дейді. Бастарына түскен қайғысы қанша ауыр болса да, қадірін жоғары бағалайтын Абай көңілдес замандасына өлеңмен жауап берген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>