Марат Рақымұлы Құсайынов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Марат Рақымұлы Құсайынов (20 мамыр 1967, Қарағанды облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, шенеунік және генерал-лейтенант. 2021—2024 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының басшысы болды. Одан бұрын 2019—2020 жылдары Қарулы Күштер Құрлық әскерлеріне бас қолбасшылық етті.

Өмірбаяны

1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау ауылында дүниеге келді.

1988 жылы Челябі жоғары танк қолбасшылық училищесін бітірді.

Офицерлік қызметін Беларусь әскери округінде взвод командирі болып бастады. 1993 жылдың қаңтарынан маусымына дейін — танк дивизиясының танк полкінің танк ротасының командирі болды.

1993 жылдың маусымынан 1994 жылдың шілдесіне дейін — танк дивизиясы танк полкінің оқу-танк батальонының командирі болды.

1994 жылдың шілдесінен 1997 жылдың шілдесіне дейін — Ресей Қарулы Күштерінің құрышты танк күштері Әскери академиясының тыңдаушысы болды.

1997 жылы Ресей Қарулы Күштерінің құрышты танк күштерінің Әскери академиясын бітірді.

1997—2000 жылдары мотоатқыштар бригадасы командирдің орынбасары — штаб басшысы;

2000—2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылыми орталығының әскери-арнайы зерттеулер бөлімінің басшысы;

2002—2003 жылдары — мотоатқыштар бригадасының командирі;

2003—2004 мотоатқыштар бригадасы командирдің орынбасары — штаб басшысы;

2004—2005 жылдары жағалау қорғанысы бригадасының командирі;

2005—2006 жылдары механикаландырылған бригаданың техника және қару-жарақ сақтау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Бұдан кейін Құсайынов өңірлік қолбасшылықтарда ірі қызметке тағайындалды.

2006—2008 жылдары Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штаб басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары — жедел басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2008—2010 жылдары Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болды.

2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік тәмамдады.

2010—2013 жылдары Батыс, 2013—2014 жылдары Шығыс, 2014—2016 жылдары Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — өңірлік қолбасшылығы басқармасының штаб басшысы болды.

2016 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Өкімімен Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылы лауазымынан босатылысымен-ақ Қазақстан Президентінің Өкімімен Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2020 жылы лауазымынан босатылғаннан кейін 3 күннен соң Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы Күштері Бас штабының басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2021 жылы Қазақстан Президентінің бұйрығымен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының 11-басшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Бас штаб басшысы

2022 жылғы сәуірде делегациямен бірге Пәкістан президенті Ариф Алвимен, Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Разамен, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджвамен кездесті.Қазақстандық делегация Ұлттық қорғаныс университетінде болып, Пәкістанның халықаралық бейбітшілік және тұрақтылық орталығының (CIPS) қызметімен танысты. Қорғаныс экспортын ілгерілету жөніндегі ұйымда (DEPO) Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығына Пәкістанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өнімі көрсетілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылғы мамырда делегациямен бірге Доха қаласында өткен “DIMDEX-2022” теңіз қорғанысы халықаралық көрмесіне қатысты. Көрме барысында Катар Қарулы күштері Бас штабының басшысы Әл-Нәбит және Катардың «Bаrzan Holdings» Ұлттық қорғаныс-өнеркәсіп холдингінің президенті және бас директоры Әл-Наймимен кездесті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Келесі айда Түркияға “Эфес-2022” көпұлтты жаттығуын бақылауға барды. Бұл жаттығуға 37 елдің әскери қызметшілері, соның ішінде Қазақстан әскері қатысуда. Жаттығулар Измир қаласына жақын орналасқан «Доганбей» полигонында өтуде және арнайы операция күштерінің өзара әрекеттесуін жетілдіруге, жауынгерлік шеберлікті арттыруға бағытталған. Қазақстандық әскери қызметшілер теңізден десант түсу, парашютпен секіру, снайперлік атыс жүргізу және әуе күштерін басқару тапсырмаларын орындады. Сапар барысында Түркияның қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығымен жұмыс кездесулерін өткізді және Жаттығу басқару орталығы мен қорғаныс өнеркәсібі көрмесін аралады. 5 күннен кейін Астанаға 2 күндік сапармен келген Түркия Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хасан Кючюкакюзбен кездесті. <ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер