Камнұр Тәлімұлы Тәлімов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ақын

Камнұр Тәлімұлы Тәлімов (15 тамыз 1960 жылы туған, ҚХР, Текес ауданы, Шолақтерек ауылы) — ақын, сазгер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері, «Халық мұғалімі», Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014)

Өмірбаяны

1960 жылы 15 тамызда ҚХР-да дүниеге келген. 1962 жылы тарихи Отаны — Қазақстанға қоныс аударып, Ақтоғай ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепті тәмамдаған.

1981–1986 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде білім алған.

Еңбек жолы

  • 1986–1990 жж. — мектепте мұғалім.
  • 1990–1995 жж. — Алматы облысының «Өрлеу» педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің әдіскері және меңгерушісі.
  • 1995–2007 жж. — Талғар ауданы №22 орта мектебінің директоры.
  • 2007–2023 жж. — Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалының меңгерушісі.
  • 2024 жылдан бастап — Алматы облысының бас биі.

Шығармашылығы

Камнұр Тәлімов — бірнеше жыр жинақтары мен кітаптардың авторы:

  • «Дәркембайдың дегендері» (2006)
  • «Көңіл көзі» (2010)
  • «Мінәжат» (2011)
  • «Қазына» (2023)

Республикалық және облыстық деңгейдегі «Шешендік өнері» (2004), «Сазгерлер сайысы» (2006), Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің» (2010) жыр мүшәйраларының және «Батагөйлер» (2021) байқауының жүлдегері.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі
  • «Халық мұғалімі» құрметті атағы.
  • Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014)
  • «ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ-НАРОДНЫЙ УЧИТЕЛЬ» медалі (2016)
  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекелік медалі (2021)

Дереккөздер

<references />

Сыртқы сілтемелер