Камнұр Тәлімұлы Тәлімов
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ақын
Камнұр Тәлімұлы Тәлімов (15 тамыз 1960 жылы туған, ҚХР, Текес ауданы, Шолақтерек ауылы) — ақын, сазгер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері, «Халық мұғалімі», Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014)
Өмірбаяны
1960 жылы 15 тамызда ҚХР-да дүниеге келген. 1962 жылы тарихи Отаны — Қазақстанға қоныс аударып, Ақтоғай ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепті тәмамдаған.
1981–1986 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде білім алған.
Еңбек жолы
- 1986–1990 жж. — мектепте мұғалім.
- 1990–1995 жж. — Алматы облысының «Өрлеу» педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің әдіскері және меңгерушісі.
- 1995–2007 жж. — Талғар ауданы №22 орта мектебінің директоры.
- 2007–2023 жж. — Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалының меңгерушісі.
- 2024 жылдан бастап — Алматы облысының бас биі.
Шығармашылығы
Камнұр Тәлімов — бірнеше жыр жинақтары мен кітаптардың авторы:
- «Дәркембайдың дегендері» (2006)
- «Көңіл көзі» (2010)
- «Мінәжат» (2011)
- «Қазына» (2023)
Республикалық және облыстық деңгейдегі «Шешендік өнері» (2004), «Сазгерлер сайысы» (2006), Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің» (2010) жыр мүшәйраларының және «Батагөйлер» (2021) байқауының жүлдегері.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі
- «Халық мұғалімі» құрметті атағы.
- Талғар ауданының Құрметті азаматы (2014)
- «ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ-НАРОДНЫЙ УЧИТЕЛЬ» медалі (2016)
- «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекелік медалі (2021)
Дереккөздер
<references />