Жүзадыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жүзадыр – Батыс Үстірт кемерінің шығыс бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орта тұсында, теңіз деңгейінен 200 м биіктіктегі жазықта орналасқан. Құдық суы кермек татиды. Құдықтан шығысқа қарай 25 км жерде Ақотты (Ақоты) құдығы мен қыстауы орналасқан. Бірнеше қара жол (керуен жолы) өтетін бұл өңірде 1969 – 70 жылдары ядролық сынақ жасалған.