Жаруа өзені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жаруа өзеніАмазонаның оң саласы. Ұзындығы 3283 км. Бастауын Перу Андысының тау алды жазықтарынан (Ла-Мантанья) алады. Ірі саласы – Тарауака. Өзен, негізінен, Бразилияның Акри және Амазонас штаттары арқылы ағып өтеді. Жоғарғы ағысында биік құмды жазықпен, орта және төменгі ағысында Амазона ойпатымен қатты ирелеңдей ағады. Жағалауы ну ормандармен көмкерілген. Негізінен, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Өзен күзде тасиды. Қаңтардан мамыр айына дейін суы мол, ал тамыз – қазан айларында су деңгейі күрт төмендейді. Орта және төменгі ағысы (Крузейру-ду-Сул қаласынан төмен) кеме жүзуіне қолайлы. Өзен бойында Бразилияның екі шағын қаласы – Эйрунепе, Карауари орналасқан. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала