Жаруа өзені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаруа өзеніАмазонаның оң саласы. Ұзындығы 3283 км. Бастауын Перу Андысының тау алды жазықтарынан (Ла-Мантанья) алады. Ірі саласы – Тарауака. Өзен, негізінен, Бразилияның Акри және Амазонас штаттары арқылы ағып өтеді. Жоғарғы ағысында биік құмды жазықпен, орта және төменгі ағысында Амазона ойпатымен қатты ирелеңдей ағады. Жағалауы ну ормандармен көмкерілген. Негізінен, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Өзен күзде тасиды. Қаңтардан мамыр айына дейін суы мол, ал тамыз – қазан айларында су деңгейі күрт төмендейді. Орта және төменгі ағысы (Крузейру-ду-Сул қаласынан төмен) кеме жүзуіне қолайлы. Өзен бойында Бразилияның екі шағын қаласы – Эйрунепе, Карауари орналасқан. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаруа өзені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}